Біз үздіктерді іздейміз!

Актуарлық курстарға қатысу және біліктілік
емтиханды тапсыру грантын ұтып алыңыз!

Қазақстанда алғаш рет! Қазақстан актуарийлерінің қоғамы және «НОМАД LIFE»
Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен актуарлық курстардан өту үшін білім беру грантын беру бойынша конкурс жариялайды.

Жоба туралы

Қазақстан актуарийлерінің қоғамы және «НОМАД LIFE» Өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ, ҚР Ұлттық Банкінің қолдауымен  бірінші базалық актуарлық курсын тегін тыңдау және кейіннен емтиханды тегін тапсыру үшін грантты беру бойынша конкурс жариялайды. Емтиханды табысты тапсырған жағдайда, конкурсқа қатысушылар актуарийлерді оқытудың минималды бағдарламасының екінші базалық курсына тегін қатысу және емтихан тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Егер Сізге математика және физика саласы ұнаса және Сіз қаржы нарығында талап етілген маман болғыңыз келсе, онда актуарийдің мамандығын қарастырыңыз.

Біз Сіздерді күтеміз!

БІЗДІҢ БАҒДАРЛАМАМЫЗДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ:

 
 

Оқыту тегін өткізіледі.

 
 

Барлық қажет техникалық базамен қамтамасыз етіледі:
- қаржы калькуляторлар
- үлестіру материалдары
(кітаптар, құралдар, баспа материалдары және т.б.)

 
 

1-2 курстар бойынша емтиханды табысты тапсырғаннан кейін
бағдарламаға қатысушысы «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» ҚБ-нің мүшесі болып, жұмысқа орналаса алады.

 
 

Актуарийлерді оқыту бағдарламасы әлемнің жетекші актуарийлерімен әзірленген:
- Майкл Зи (FSA, FCIA)
- Чарльз Маклауд (FSA, FCIA, MAAA)
- Джон Шеперд (Австралия Актуарийлері Институтының мүшесі)

 
 

Сіздерде қаржы нарығының субъектісі болуға мүмкіндігіңіз бар! 1-6 курсы бойынша емтихандардан сүрінбей өтіп және лицензиялауға емтиханды табысты тапсырғаннан кейін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі актуарлық қызметті жүзеге асыруға лицензияны береді. ​

Актуарий мамандығы туралы деректер

Актуарий дегеніміз кім?

Актуарий – бұл тәуекелдер мен ықтималдықтарды бағалау үшін белглі бір дағдыларға ие болған адам. Ол өз білімдерін бизнес және қаржы мәселелеріне қатысты, әсіресе кездейсоқ оқиғалармен байланысты болатын сақтандыру және демография салаларында қолданады.

Ұлыбританияның Үкіметтік Актуарийі К. Дэйкин

Мамандық туралы толығырақ
http://www.actuary.kz сайтында.

Актуарий мамандығы әлемдегі алдыңғы қатардағы мамандықтар қатарына енді.

Актуарий мамандығы және онымен байланысты мамандықтар (андеррайтерлер, тәуекел-менеджерлер) дамыған елдерде ең талап етілген және көп ақы төленетін мамандықтар қатарына тұрақты негізде енеді. Бұл көрсеткіштер бойынша жоғарыда аталған мамандар үздік 25 маман қатарына енді.

Рейтингті https://www.glassdoor.com/blog/25-highest-paying-jobs-america-2016/ сілтеме бойынша көре аласыз.

АКТУАРИЙЛЕР ҚАЙДА ЖӘНЕ КІМ БОЛЫП ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Осы салада әлемдегі ең үздік болып саналатын, өзінің барлық дерлік түлектерінің тағдырын қадағалайтын Macquarie University университетінің мәліметтері бойынша актуарийлер төмендегідей компанияларда өз қызметін атқарады:
 

- ірі бухгалтерлік фирмаларда;
- банктерде;
- сақтандыру компанияларында;
- инвестициялық қорларда;
- Үкіметте;
- консалтингтік актуарлық қызмет көрсететін компанияларда.

Macquarie University университетінің түлектері атқаратын қызметтердің 4-Топы:

- қорлардың басқарушылары;
- сақтандыру аналитиктері;
- сақтандыру мамандары;
- тәуекелді басқару жөніндегі менеджерлер.


https://www.mq.edu.au/study/international-students/macquarie-university-international-college

Конкурс 1, 2 базалық курстарды өткізуге бағытталған:


1-курс. Өмірді сақтандырудағы пайыздық мөлшерлемесі және кездейсоқ процестерінің теориясы

2-курс. Актуарлық қағидалар және олардың қосымшалары


2017 жылғы 18 тамыздан бастап «Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» ҚБ Халықаралық актуарийлер ассоциациясының толық мүшесі болып табылады.

«Қазақстан актуарийлерінің қоғамы» ҚБ беретін сертификаты бүкіл әлемде қолданылады!
«Шетелде актуарийлер көбінесе сақтандыру компанияларының негізгі актуарлық емес құрылымдық бөлімшелерін басқарады: андеррайтинг, тәуекелдерді басқару, ішкі аудит, салық бөлімі, сонымен қатар компаниялардың президенті және вице-президенті қызметін атқарады. Актуарийлерді инвестициялық қорлар да, өндірістік кәсіпорындар да қуана қабылдайды».

Дина Уржумова, кәсіби актуарий, CFA және тәжірибелі экономист, Қазақстан актуарийлерінің қоғамы Біліктілік комиссиясының төрайымы.
 

Майкл Зи

Қазақстан актуарийлерінің қоғамының Құрметті Төрағасы

«Актуарийлер Қазақстанда өте жоғары бағаланады және сақтандыру, зейнетақы қоры, әлеуметтік қамсыздандыру, банк ісі, инвестициялар салаларын қоса, көптеген салаларында негізгі қызметтерін атқарады. Қазақстанның актуарий мамандығының табысы көбіне Қазақстынның актуарлық кәсіпқойларының қайсарлылығына және қызу жұмысына борышты».

 
 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

 

Қажетті құжаттардың тізімі:

 

Маңызды!

- ЖОО түлектері (2016-2018 жж.) және жоғары курстардың студенттері.
- Магистратура, аспирантура, докторантура білім алушылары
- Математика, физика және т.б. жаратылыстану ғылымдарын оқығандар
- Қатысушылардың жасы: 19 жастан жоғары


Іріктеу барысында төмендегілер ескеріледі:
- математика, физика пәндері бойынша олимпиадалар мен жобаларда алған жүлделі орындар;
- курстың толық бағдарламасын тыңдау үшін бос уақыттың болуы.



 

- жеке куәлігі

- диплом (немесе сынақ кітапшасы)

- олимпиадалар мен жобаларда алған жүлделі орындарды растайтын сертификаттар



Өтінімдер мен құжаттар 2018 жылғы 1 шілдеге дейін қабылданады

Тыңдаушылардың құрамын Қазақстан актуарийлерінің қоғамы белгілейді. Ол үміткерлерді іріктеу бойынша құпиялы шешімді қабылдау құқығын өзіне қалдырады. Үміткерлерді іріктеу бойынша шешім және курстар мен емтиханды өткізу күні бойынша ақпарат сайтта 2018 жылғы 1 маусымда жарияланады. Конкурстың ұйымдастырушылары курстар мен емтиханды өткізу күнін ауыстыру құқығын өзіне қалдырады.

*Мысалы: 4-тен 3.9.
Жеке куәлігі сканерленген көшірмесі *
Жеке куәлігі сканерленген көшірмесін тіркеңіз. Файлдың көлемі 2 Мб-тан артық емес
Диплом немесе сынақ кітапшасы*
Дипломның немесе сынақ кітапшасының сканерленген көшірмесін тіркеңіз. Файлдың көлемі 2 Мб-тан артық емес
Сертификаттарды тіркеңіз, бар болса
Егер Сіз бірнеше файлды тіркегіңіз келсе, бір архивпен жіберіңіз. Файлдың көлемі 2 Мб-тан артық емес
1-курсты таңдау үшін ыңғайлы күнді таңдаңыз

Нажимая на кнопку, вы принимаете Положение и Согласие на обработку персональных данных.

Байланыс телефондары:
 

Барлық сұрақтар бойынша мына телефон бойынша хабарласыңыз:
+7(727)379-83-05
kzactuary.info@gmail.com

Қазақстан актуарийлерінің қоғамы
+7(707)388-86-83

Азат Сапин
+7(705)224-49-07

Жанат Исмухамбетова
+7(707)103-61-03

ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛАР

«НОМАД LIFE» ӨСК» АҚ

Қазақстан актуарийлерінің қоғамы




Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі